Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үндістанда кинотеатрға барған адам қорқынышты фильмді көріп жатқанда ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Тируваннамалай қаласында "Заклятие-2" қорқынышты фильмінің премьералық көрсетілімін кинотеатрға көруге барған адамның жүрегі ұстап қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости The Times of India сілтеме жасап.

Үндістанда кинотеатрға барған адам қорқынышты фильмді көріп жатқанда ажал құшты

Полиция ақпаратынша, кульминациялық сәтте 65 жастағы көрермен досына кеуде тұсы ауырғанын айтып, есінен танған. Жедел жәрдем қызметкерлері оны аман алып қала алмады.

Медицина қызметкерлері мерт болған адамның досына мәйітті сараптама жұмыстары үшін өзге ауруханаға апаруын сұраған. Алайда ол мәйітпен бірге жоғалып кетті. Қазір полиция бұл ер адамдар кім екенін анықтап жатыр.