Үндістанда көпір құлап, 17 адам қаза тапты
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-шығысында Мизорам штатында салынып жатқан көпір құлап, 17 жұмысшы қаза тапты және тағы бірнешеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
Қазір ОАР-да жүріп, БРИКС саммитіне қатысып жатқан премьер-министр Нарендра Моди оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Ел билігі қаза тапқандардың отбасына 2500 доллардан және зардап шеккен жұмысшыларға 600 доллардан төлейтіні хабарланды.
Бұл кейінгі кезде елде болып жатқан алғашқы жағдай емес. Маусымда Бихар штатында бір жылда екінші рет Ганг өзені арқылы өтетін төрт жолақты бетон көпір опырылған еді. Былтыр қазанда Гуджаратта көпір құлап, оны жөндеу кезінде 135 адам қаза тапқан болатын.