Үндістанда көпір құлап, 42 адам із-түзсіз жоғалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы Махараштра штатында тасқын су көпірді ішінара қиратып кетті. Салдарынан, соңғы ақпаратқа қарағанда, 42 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды РИА Новости IANS агенттігіне сілтеме жасап.
Бұдан бұрын 22 адамның ажал құшқаны мәлімделген болатын.
Толассыз жауған нөсер жаңбырдың әсерінен Савитри өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, британдық басқару кезеңінен бері сақталып келе жатқан көпірді қиратты.
Анықталған мәліметтерге қарағанда, оқиға кезінде көпірдің үстінде екі автобус пен төрт-бес автомобиль болған.