Үндістанда көпірден автобустың құлауы салдарынан 13 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Чхаттисгарх штатындағы көпірден автобустың құлауы салдарынан шамамен 13 адам қаза тапты, 53 адам жарақаттанды.

Үндістанда көпірден автобустың құлауы салдарынан 13 адам қаза тапты

Оқыс оқиға 4 мамырда жергілікті уақытпен сағат 22:30 орын алды. India Today басылымы хабарлағандай, бұрылатын жерде жүргізуші мотоциклді байқаған. Оны қағып кетпес үшін рульді шұғыл бұрған. Салдарынан көлік көпірден құрғап қалған өзен сағасына құлады.

Жергілікті полиция өкілдерінің сөздеріне қарағанда, апат құрбандарының саны артуы мүмкін. Өйткені 16-дан астам адамның жағдайы ауыр.