Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанда соңғы бір тәулікте 15 мың 900-дан астам адам вирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар.24.kz сайтына сілтеме жасап.

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

Жалпы елде науқастар саны 461 мыңнан асып кетті. Науқастардың үштен бір бөлігі Махараштра штатынының тұрғыны. Сондай-ақ Нью-Дели және Тамилнад штатында да эпидемиологиялық ахуал мәз емес.

Жергілікті билік өкілдерінің болжауынша, тек Нью-Делидің өзінде шілде айының соңында науқастар саны 550 мыңнан асып кетуі мүмкін.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Үндістан коронавирусты жұқтырғандардың саны бойынша әлемде төртінші орында тұр.