Үндістанда көшкін қажылыққа аттанған 14 мың адамның жолын жапты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Үндістанның  солтүстігіндегі Чамоли округінде көшкін салдарынан 14 мыңға жуық қажылыққа аттанған жандардың жолы жабылды.

Үндістанда көшкін қажылыққа аттанған 14 мың адамның жолын жапты

Басылымның мәліметінше, көшкін жұма күні күндіз қажылық орындарының біріне жақын жердегі Джошимат қаласынан тоғыз шақырымдай жерді басып қалған. Ол Ришикеш және Бадринатх қалаларын жалғайтын жолды бөгеді. Жолдың 60 метрге жуық жері бүлінген. Зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ.

Жол қозғалысы сенбі күні кешке қалпына келтіріледі деп күтілуде.