Үндістанда күн сәулесінің қуатымен жүретін пойыз шығарылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу жылдарда Үндістан теміржолдарымен күн сәулесінің қуатымен жүретін пойыз жүйткитін болады. Бұл туралы Индияның ғылым және технология министрі Харш Вардхан айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Үндістанда күн сәулесінің қуатымен жүретін пойыз шығарылмақ

Оның сөзіне қарағанда, жаңа технология бойынша жасалып жатқан пойызды Integral Coach Factory вагон шығаратын компаниясы мен Ченнаидағы (елдің оңтүстігіндегі Тамилнад штатында орналасқан) Үндістан технология институты (IIT Madras) бірлесіп құрастырып жатыр.

Күннен қуат алатын тақтайшалар әр вагонға орнатылатын болады. Алғашқы кезеңде ол пойызға қажет энергияның 15 пайызын қамтамасыз ете алады. Ал пойыз тоқтап тұрған уақытта өндірілетін энергия ұлттық желіге жіберіліп отырады екен.