Үндістанда лаңкестік салдарынан 11 полицей қаза болды
МӘСКЕУ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат – Үндістанның шығысында лаңкестік салдарынан кемінде 11 полицей қаза болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Бірнеше полицей жараланып ауыр хәлде жатыр. Шабуыл бүгін Джаркханд штатының әкімшілік орталығы ? Ранчи қаласынан шығысқа қарай 160 шақырым жерде болды. Өкімет орындарының хабарлауынша, лаңкестер ішінде 30 адам болған полицей фургонын жарып жіберген.