Үндістанда маоистер автобус пен жедел жәрдем көлігін жарып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Чхаттисгарх штатының сайлау комиссиясы отырған автобусқа бомба қойылып, жарылыстан 5 адам қаза болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Оқиға Биджапур округінде орын алды. Онда бейсенбі күні парламент сайлауының кезекті кезеңі өткен болатын. Соның нәтижесі бойынша Үндістанның үкіметі құрылмақ. Оны маоистер ұйымдастырған деп мәлімделуде. Олар сонымен бірге Сукма округінде жедел жәрдем көлігін жарып жіберді. Салдарынан 5 полиция қызметкері қаза болды, тағы алты адам зардап шекті.