Үндістанда маошылар бастауыш мектепті жарып жіберді
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Маошыл экстремистер Үндістанның солтүстік-шығысындағы Бихар штатында орналасқан Геруа елді мекеніндегі мемлекеттік бастауыш мектепті жарып жіберді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Сәрсенбіге қараған түні, қазанның 21-інде үш сыныптық бөлмеден тұратын шағын үйді 100-ге жуық содыр қоршап алған. Мектепті жару үшін олар динамит шашкаларын пайдаланған. Жарылыстың қуаты туралы ақпарат жоқ, алайда үй айтарлықтай зақымданып, шатыр жабыны құлап түскен.