Үндістанда маймылдар діни қызметкерді таспен атқылап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда маймылдар Мунна Мирша есімді ғибадатхана қызметкерін үйінің шығаберісін тазалап жатқан кезінде таспен атқылап өлтірді, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Маймылдар діндарға тас боратқан. Ер адам ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Үндістан билігі бұл оқиға маймылдардың адамға жасаған алғашқы шабуылы емес екенін мәлімдеп отыр. Соңғы уақытта үш адам олардың құрбанына айналыпты, деп хабарлайды жергілікті «Express» басылымы. Жергілікті билік діндардың өлімінен кейін маймыл аулауды бастау туралы шешімін қабылдады. Фото: express

Соңғы жаңалықтар