Үндістанда маймылдардың үйлену тойы өтті - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда ерекше үйленеу тойы өтті. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Үндістан тұрғыны екі маймылдың үйлену тойын жасаған. Бұл тойға 200-ден астам қонақ жиналған. Тіпті көршілес ауылдардан да келген.
Үндістандық Удеш Махто Раму есімді мартышканы 7 жыл бұрын сатып алған. Оған Рамудың жақын болғаны сондай, ол кейде маймылды ұлым деп те атайтын. Кейін Удеш Рамуға серік болсын деп Рамдулари атты тағы бір маймылды сатып алған.
«Алғашында олар бір-бірін аса жақтырмайтын. Кейін олардың арасында махаббат пайда болды. Содан кейін мен оларды үйлендірмекке бекіндім», - дейді ол.
Той кезінде маймылдарды лимузиинің төбесіне мінгізіп қойып, ауыл ішін аралатты. Келген қонақтар би билеп, қалыңдық пен күйеу жігітке гүл шашты. Неке қию рәсімін жергілікті дін қызметшісі өткізді. үндістердің мифологиясында маймылдардың алатын орны ерекше, олар көбіне шіркеулерде тұрады.