Үндістанда мектеп автобусы шатқалға құлап, 9 оқушы қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Үндістанның солтүстік штаты Уттаракхандта мектеп автобусы шатқалға құлап кетті. Салдарынан тоғыз оқушы қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат indiatoday.in сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті мектептің 18 оқушысын тасымалдаған автобус тау беткейіндегі жолда доңғалағы тайып кетіп, аударылған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жүргізуші таулы жолдың күрделі бөлігінде рульге ие бола алмай қалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.


Соңғы жаңалықтар