Үндістанда мейрамханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 80-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында мейрамханада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 80-ге жетті.

Үндістанда мейрамханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 80-ге жетті

Сондай-ақ 150-ге жуық адам жарақат алған, деп жазады Би-Би-Си.

Оқиға кезінде мейрамханада адамдар таңғы ас ішіп отырған.

Жарылыс салдарынан мейрамхана мен жақын жерде орналасқан 3 тұрғын үйдің күл-талқаны шықты.

Жергілікті биліктің айтуынша, қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Алдын ала мәліметтер бойынша, мейрамханада газ баллоны жарылған. Қазіргі кезде апат орнында жараланғандарды көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.