Үндістанда муссон жаңбырынан кейінгі тасқыннан 100-ден аса адам көз жұмды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде су тасқынынан 100-ден астам адам қаза тапты. Көшкін мен су тасқынына әкеп соққан муссон жаңбыры бірнеше күннен бері толастамай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанда муссон жаңбырынан кейінгі тасқыннан 100-ден аса адам көз жұмды

Үндістанның солтүстігінде осы аптада жауған нөсер жаңбыр 100 адамның өмірін қиып, аласапыран туғызды.

Өлім-жітімнің көбі Химачал-Прадеш таулы штатында тіркелген. Онда көліктерді, автобустар, көпірлер мен үйлерді қуатты су тасқыны шайып кеткен, аймақта лай көшкіні жүрді.

Нью-Делиде Джамуна өзенінің жағалауындағы тұтас аудандар, соның ішінде бірнеше үкіметтік ғимараттар су астында қалған.

Мыңдаған адам эвакуацияланып, мектептер мен колледждер жабылды.

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл - Үндістанда соңғы онжылдықтарда болған ең күшті муссон.

Метеорологтар алдағы күндері елдің солтүстік аймақтарында тағы да жауын-шашын болады деп болжап отыр.