Үндістанда найзағай соғып, мерт болғандар саны 27-ге жетті
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысындағы Бихар штатында жай түскен 27 адам ажал құшып, 20-дан астамы жарақаттанған.
«Бір тәулік ішінде найзағай соққан 27 адам мерт болды, оның ішінде 6 бала мен 3 әйел бар. Балалар жаңбырдан қашып, ағашты паналаған. Тап сол кезде жай түскен», - дейді табиғи апаттармен күрес бойынша ведомствоның өкілі.