Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үндістанда найзағайдан 30 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Үндістандағы Орисса штатында найзағай соғып, 30 адам қаза тапты, 36-сы жарақаттанды, деп хабарлады РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Үндістанда найзағайдан 30 адам ажал құшты

Бұл қайғылы оқиғалар Бхадрак пен Баласор округтерінде көбірек тіркелген. Олардың әрқайсысында кем дегенде жеті адамнан өлген. Тағы алтауы Кхурда округінде ажал құшқан.

Үндістанда муссондық жаңбыр маусымы кезінде жай түсіп қаза табатындар аз болмайды. Атап айтқанда, маусымның аяғында бір түннің ішінде солтүстік және солтүстік-шығыс штаттарында найзағай соққысынан 100-ге жуық адам о дүниеге аттанды.