Үндістанда неке тойында газ баллон жарылып 7 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде газ баллон жарылып, жеті адам қаза тапты, 15 адам жараланды, деп хабарлады life.ru.
Жергілікті БАҚ-тың ақпараттарында оқиға Уттар-Прадеш штатында неке тойына ас әзірлеу кезінде болған. Зардап шеккен адамдар жергілікті ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі ауыр халде жатыр.
«Жарылыстан екі әйел мен бес бала мерт болды, 15 адам жараланды», - деп жазады «РИА Новости» полиция өкілінің сөзіне сілтеме жасай отырып.
Жарылыс салдарынан оқиға орнына жақын орналасқан үйлер өртенді.