Үндістанда оқушылар автобусы құзға құлап, 7 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Химачал-Прадеш штатында оқушыларда мектепке апара жатқан автобус аударылып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV арнасына сілтеме жасап.

Үндістанда оқушылар автобусы құзға құлап, 7 адам көз жұмды

Оқиға таңғы сағат 8.00 шамасында, штат астанасы Шимладан 150 шақырым жерде орын алған. Автобус балаларды Сангра қалашығындағы DAV мемлекеттік мектебіне апара жатып, құзға құлап кеткен. Салдарынан 7 адам - 6 оқушы, бір жүргізуші көз жұмды. 12 бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полицейлердің айтуынша, кей балалардың жағдайы аса ауыр.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа 40 жастағы жүргізушінің ұқыпсыздығы себеп болған.

Фото: Getty Images