Үндістанда ондаған адамды пойыз басып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда пойыз қаққан бірнеше ондаған адам қаза тапты, деп хабарлайды India TV.

Телеарнаның дерегінше,  Амритсар қаласынан Патанкотқа бара жатқан пойыз индуистік діни мереке - Дашараға байланысты өтіп жатқан шараларды тамашалап жүрген бір  топ адамды басып кеткен.

Шамасы олар  лапылдай жанған отшашулардан қорқып, темір жолға жүгіріп шыққан болуы керек. Полицияның мәліметіне қарағанда, кемінде 10-15 адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар