Үндістанда опера труппасы мінген автобус құзға құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда опера труппасы мінген автобус тереңдігі 76 метр болатын шатқалға құлап, ең кемі 25 адам мерт болды, 11-інің жағдайы ауыр, деп жазады Би-би-си.

Үндістанда опера труппасы мінген автобус құзға құлады

Автобуста 40 адам болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Автобус Орисса штатындағы жолда кілт бұрыла беріп, құлап кеткен.

Үндістанда жолдағы қауіпсіздік деңгейі өте төмен: жыл сайын он мыңдаған адам жылдамдықты асыру, трассалардың жағдайының нашарлығы және автопарктың тозуы салдарынан қаза тауып жатады.