Үндістанда өрт салдарынан 18 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның батысындағы Бхарух қаласында ауруханада болған өрт салдарынан 18 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Hindustan Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жергілікті уақытпен сағат 06:30-дағы жағдай бойынша, ауруханадағы өрттен қаза болғандар саны 18 адамды құрады. Өрттен кейін 12 өлім оқиғасы расталды», - деп хабарлады жергілікті полиция өкілі.
Оның айтуынша, коронавирус бөлімінде ем алып жатқан 12 пациент өрттен немесе өртенген заттардан шыққан улы иіс салдарынан ажал құшқан. Қалған алты адамның өрттен бе, әлде басқа ауруханаларға жеткізу кезінде қаза болды ма, ол әзірге белгісіз.
Agence France-Presse мәліметінше, тлсіз жау 16 пациент пен екі мейірбикенің өмірін қиып әкетті.