Үндістанда өзге планета тұрғындарының ізі табылды

Сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, өзге планета тұрғындарының ізі адамдардікіне ұқсас, олардың ара қашықтығы 1 метрге жуықтайды.
Владтайм басылымының жазуынша, ауыл тұрғындары жергілікті билік өкілдеріне түн ішінде орман жақтан біреудің шыңғырған даусын еститіндіктерін айтып, шағымданған.
Адамдар қалың орманда тіршілік етуі мүмкін белгісіз мақұлықтан қорқатын көрінеді.
Бұл ақпарат уфологтарды да қызықтырмай қойған жоқ. Олар Антуру ауылында пайда болған өзге планета тұрғындарынікі деп болжанып отырған 30-ға жуық іздерді зерттеді.
Жергілікті тұрғындар белгісіз мақұлық туралы айтқанымен, зертеушілер ауыл аймағында өзге планета тұрғынының болу мүмкіндігін айтып отыр. Кейбір тұрғындар орманда алып ұабанның пайда болғандығын айтып, тұрғындарды одан сайын үрейлендіріп отырған көрінеді.