Үндістанда паром апатқа ұшырап, жүздеген адам суға батып кетті
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Үндістанның солтүстік-шығыс Ассам штатында Брахмапутра өзенінде паром апатқа ұшырап, 100-ден астам адам қаза тапты,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Жергілікті полиция мәлім еткендей, тағы да жүздеген адам із-түссіз жоғалды деп жариялануда.
«Нөсер жаңбыр адамдарды іздестіру жұмыстарына кедергі келтіруде, ауданда түк көрінбейді», - деді полиция қызметкері. Ол сондай-ақ кемеде суға батырмайтын құтқару жилеттері мен шлюпкалардың жоқ екендігін атап өтті.
Аман қалған жолаушылардың бірінің сөзіне қарағанда, паром іші адамға лық толы болған, тіпті кейбіреулері оның төбесінде отырған. Осы оқиғаны көргендердің сөзіне қарағанда, Оңтүстік Азияның ең ірі су күре жолының бірінде басталған алапат дауыл кемені қақ жарып, екіге бөліп жіберген.
Айта кетейік, кеменің бортында 300-ден астам адам мен экикаждың мүшелері болған.
150-ге тарта адам өздері жүзіп жағаға жеткен.