Үндістанда пойыз автомобильмен соқтығысып, 13 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАақпарат - Үндістанның шығысында Джаркханд штатында темір жолдың реттелмеген өткелінде пойыз бен автомобиль соқтығысып, 13 адам қаза ажал құшты.
None
None

Бұл туралы штат полициясы хабарлады. Апат осы штаттағы Ранчи қаласында орын алды. Ішінде шіркеуден үйлеріне келе жатқан бір отбасы мүшелері бар жеңіл көлік темір жол өткелінде тұрып қалады.

Алдын ала дерек бойынша, көлік доңғалағын темір жол рельсі қысып қалған. Пойыздың жақындағанын байқаған адамдар машинадан шығып кетуге әрекеттенген. Алайда үлгермей қалды. Құрам көлікті басып кеткенімен қоймай, 100 метрге дейін сүйретіп әкетті. Көліктегі адамдардың барлығы қаза тапты, деп хабарлады ТАСС.

Соңғы жаңалықтар