Үндістанда пойыз жүк көлігімен соқтығысып қалды: 12 адам қаза тапты

АСТАНА.  Қарашаның  2-сі.  ҚазАқпарат -  Үндістанда  теміржолда    тағы да  төтенше оқиға    орын  алды.   Елдің  солтүстігінде  болған       теміржол  апаты    кем дегенде 12 адамның  өмірін  қиды, 
None
None

 деп  хабарлайды  «Синьхуа» агенттігі.

 Оқиға Уттар-Прадеш  провинциясында, теміржол     пойызы жүк көлігімен  соқтығысып  қалған  кезде    болды.   Полиция  өкілдерінің  хабарлауынша,  жолаушылар пойызы    теміржол өткелдерінің бірінде  құм тиелген жүк көлігіне  соқтығысып    қалған.

 Оқиға салдарынан, ең  кем дегенде, 12 адам  қаза тапты, 20-дан  астам адам   жарақаттанды. Жол апатының себебі әзірге белгісіз.   Істің мән-жайы тексерілуде.

 Естеріңізге  сала  кетейік,  қазан айының соңында  Үндістанда екі пойыз соқтығысып қалып,  оқиға салдарынан 10-нан  астам адам қаза тапқан  еді.   Ол жағдай Агра қаласының маңында  орын  алды.

Соңғы жаңалықтар