Үндістанда салмағы алты айлық баланыкіндей қыз дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігінде салмағы алты айлық баланыкіндей болған қыз дүниеге келді, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

Нәрестенің салмағы 6,8 келі болды. Өзінің алғашқы перзентінің салмағына ерекше таңқалған 19 жастағы анасы бір жарым сағатқа созылған отадан проблемасыз өтті. Дәрігерлер қыз баланың денсаулығы жақсы екенін айтып отыр.

Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, жаңа туылған дені сау баланың ең үлкен салмағы 10,2 келіні құрады.

Соңғы жаңалықтар