Үндістанда сепаратистер үй-үйді аралап адамдарды атуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысындағы Ассам штатында сепаратистер 11 адамды атып тастады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Үндістанда сепаратистер үй-үйді аралап адамдарды атуда

Алғашқы шабуыл Бакса округінде орын алды. Қаскөйлер түннің бір уағыда үйлердің біріне кіріп, алаңсыз ұйықтап жатқан бүтін бір отбасын қырып салды. Салдарынан үш адам ажал құшты. Жалғыз бала ғана аман қалды. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Содан кейін сапаратистер көрші Кокраджхар ауылына бет алып, 7 адамды атып тастады. Қауіпсіздік күштері содырлардың соңына түсіп, тағы да адам өліміне жол бермес үшін ауқымды шаралар қабылдауда.