Үндістанда шағын автобус шатқалға құлап, кемінде 17 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Химачал-Прадеш штатында адамдар толы шағын автобус таулы шатқалға құлады. Кемінде 17 адам мерт болып, 20-ға жуығы зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости үндістандық IANS ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанда шағын автобус шатқалға құлап, кемінде 17 адам мерт болды

Жергілікті өкімет орындарының мәліметтеріне қарағанда, оқиға дүйсенбі күні, 7 сәуірде Шиллаи қаласының маңында болған. Шағынавтобус тереңдігі 120 метрдей шатқалға құлаған. Құрбан болғандар саны арта түсуі мүмкін, өйткені зардап шеккендердің көпшілігі ауыр халде.

Қайғылы оқиға себептері анықталуда. Куәгерлердің айтуынша, шағын автобустың алдыңғы дөңгелектерінің бірі ұшып кеткен.

Полицияның мәліметтері бойынша, жыл сайын Химачал-Прадеште жол-көлік оқиғасынан 800-ден астам адам ажал құшады.