Үндістанда «шошқа тұмауынан» жүзге жуық адам көз жұмды

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде «шошқа тұмауы» індеті күшейіп тұр. Жыл басынан бері ол 95 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС "Таймс оф Индиа" басылымына сілтеме жасап.

Үндістанда «шошқа тұмауынан» жүзге жуық адам көз жұмды

H1N1 вирусынан әсіресе Раджастхан, Харьяна және Пенджаб штаттарынан көп адам қайтыс болды. Нью-Делиде «шошқа тұмауынан» бірнеше адам көз жұмды. Үндістанның солтүстік аймағында осы ауруға ұшыраған адамдардың саны 600-ге жетті. Оның таралуына тұрақсыз ауа райы да қамшы болып отыр. Сырқатқа шалдыққандардың көпшілігі - егде адамдар мен балалар.

Республиканың денсаулық министрлігі індет таралған аудандарға дәрігерлер бригадасын және дәрі-дәрмек жіберді. Алайда медикаменттердің жетіспей жатыр.

Соңғы екі жылда Үндістанда аурудың осы түрінен 480 адам ажал құшты.