Үндістанда сиыр мен бұқа үйленді - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда сиыр мен бұқаның үйлену тойы өтті. Иелері Ганга мен Пракаш атаулы жануарларды үйлендіру арқылы ауылдарын құрғақшылықтан құтқаруды көздеген, деп жазады Day.Az.
None
None

Бұл «тойды» тамашалауға 5 мыңнан астам адам жиналған. Айта кетерлігі, той иелері оны ұлан-асыр етіп атап өтуге 17 мың АҚШ долларын жұмсаған.

«Жақында өңірімізге толассыз жаңбыр жауып, егінімізді шайып кетті. Ауылымызды осындай жоқшылықтан құтқару үшін біз қос жануарды үйлендіріп жатырмыз. Қасиетті жануарлар біздің өмірімізге құт әкеледі», - дейді сиырдың қожайыны Гопал Патвари.

Соңғы жаңалықтар
Референдум