Үндістанда сиыр студенттік куәлік алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кашмирдің үндістандық бөлігінде жергілікті ресми комиссия сиырға студенттік куәлік берді.
Студен куәлігі Качир Гау атауымен берілді. Бұл «қоңыр сиыр» деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ куәлікте жануардың суреті бар, деп хабарлады ВВС.
Комиссия төрағасы мәлімдегендей, бұл куәлік - әлдебіреудің әзілі. Кейіннен белгілі болғандай, компьютер адамның суретін жануар суретінен айыра алмаған соң, осылайша әзілдемек болған.