Үндістанда су тасқыны құрбандарының саны 27-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның орталық және солтүстік бөлігінде нөсер жауынның арты су тасқынына ұласты, салдарынан 27 адам қаза тапты.
Бұдан бұрын 15 адамның мерт болғаны жарияланған, деп хабарлады РИА Новости.
Мадхья-Прадеш, Раджастан және Уттаракханд штаттарында жұмадан бері нөсер жауын құйып тұр. Құрбандардың басым бөлігі Мадхья-Прадеш штатында тіркелді, мұнда 15 адам ажал құшты, деп жазды Hindu басылымы.
Раджастанда 5 адам қаза тауып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кетті. Уттаркхандта 7 адам көз жұмды, екі адам жоғалғандар қатарында.
Үндістан армиясы өңірде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр және құтқару жұмыстарына қатысуда.