Үндістанда суға кеткен қазақстандық баланың денесін елге қайтару бойынша тиісті іс-шаралар атқарылуда - ҚР СІМ

ТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістанда бес жасар қазақстандық баланың суға кеткені туралы ақпаратты нақтылады.

Үндістанда суға кеткен қазақстандық баланың денесін елге қайтару бойынша тиісті іс-шаралар атқарылуда - ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахмановтың хабарлауынша, қыркүйектің 5-і күні Үндістанның Панаджи қаласында отбасымен бірге дем алған бес жасар қазақстандық бала суға кетіп, қайтыс болды. «Үндістандағы Қазақстан елшілігіне баланың ата-анасы хабарласты. Бүгінде біздің консул барлық құжаттарды рәсімдеп, баланың денесін елге жеткізу бойынша тиісті көмекті көрсетуде», - дейді А.Әбдірахманов.