Үндістанда температуралық рекорд - +51 градус тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше үндістандық Раджастан штатының Пхалоди қаласында термометр көрсеткіші +51 градусқа жетті. Бұл метеобақылау тарихындағы Үндістандағы ең жоғары температура.

Үндістанда температуралық рекорд - +51 градус тіркелді

Бұдан бұрын рекорд 1956 жылы жазда тіркелген. Ол кезде Раджастан штаты Алвар қаласында температура +50,6 градусқа жеткен. Штаттың бірқатар басқа да қалаларында температуралық рекорд жаңартылды, деп хабарлады РИА Новости.

Үндістанның Метеорологиялық департаментінің деректеріне сәйкес таяу күндері аптап ыстық күшейе түседі, термометр көрсеткіші +47-ден жоғарылайды.