Үндістанда теннистен Азия/Мұхит аймағындағы Junior Fed Cup жарысы өтіп жатыр

Ертең Жаңа Зеландия құрамасымен кездеседі. Онда ел намысын астаналық Камила Керімбаева, Анна Данилина, Анастасия Епешова және Вера Тихомирова (капитан) қорғап жатыр.
Жалпы бұл дүбірлі доданың іріктеу кезеңінде Австралия, Тайпей, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Корея, Малайзия, Жаңа Зеландия, Өзбекстан, Тайланд, Шри-Ланка, Қытай, Филиппин мен Сингапур құрамалары 4 топқа бөлініп бақ сынап жатыр. Қазақстандықтар онда «Д» тобында өнер көрсетуде. Егер олар енді өз тобындағы соңғы қарсыласын ұтатын болса Азия/Мұхит аймағындағы үздік төрттіктің қатарындағы өз ұстанымын нығайтып, Junior Fed Cup-тың плей-офф кезеңе шығатын жолдаманы иеленеді. Алғашқы кездесуде Анастасия Епешова филиппиндік Мариан Жаде Кападосиангы 6:4, 6:3 есебімен ұтқан еді. Екінші матчта Анна Данилина Майку Джае Танпокты 6:1,6:0 есебімен ойсырата жеңді. Жұптық кездесуде Камила Керімбаева мен Анна Данилина Жасмин Хо мен Майка Жае Танпоктан 6:2,6:4 есебімен басым түсті. Ал малайзиялықтармен болған бүгінгі ойында алдымен Камила Керімбаева Джиа Вей Тиді, одан кейін Анна Данилина Лин Йен Чооны 6:0, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Жұптық сында Камила Керімбаева мен Анастасия Епишева Джиа Вей Ти мен Лин Йен Чооны 6:0, 6:3 есебімен ұтты.