Үндістанда тепловоз рельстен шығып кетіп 23 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстік шығысындағы Андхра-Прадеш штатында пойыздың апатқа ұшырауына байланысты кемінде 23 адам құрбан болып, 100 адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Би-би-си.
Визианагарам округіндегі станцияда жеті вагон мен тепловоз рельстен шығып кеткен. Пойыздың көптеген жолаушылары осы уақытқа дейін темір-терсектің астында жатыр. Сол себепті құтқарушылар оқиғаның салдарынан мерт болғандар санының артуы мүмкіндігін айтып отыр.
Пойыздың апатқа ұшыру себебі әзірге белгісіз. Зардап шеккендердің жақын арадағы аруханаларға жеткізілгендігі туралы ғана айтылған.
Оқиға сенбі күні кешкісін болды. Пойыз Джагдалпурадан Бхубанешварға кетіп бара жатқан.
Пойыздар апаты Үндістанда жиі болады. Себебі елдің темір жол желісінің жағдайы өте нашар. Өткен жылдың қараша айында елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында пойыздың апатқа ұшырауынан 140 адам мерт болды.
2015 жылдың наурыз айында теміржол апатының салдарынан осы штатта 39 адам көз жұмды.