15:46, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Үндістанда тікұшақ апатынан жеті адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Джамму және Кашмир штатында тікұшақ апаты нәтижесінде кем дегенде жеті адам қаза тапты, деп хабарлады Zee News сілтеме жасап, Gazeta.ru.

Оқиға Катра қаласының ауданында орын алды. Тікұшақта болғандардың барлығы қаза тапты.
Жолаушылар Катраға жақын жердегі Вайшно-девидегі шіркеуге барған діни адамдар екені атап өтіледі.
Осы жылы мамырда өңірде шатқалда автобус құлап, 23 адам қаза тапқан болатын.