16:49, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Үндістанда тұрғын үй қирап, адамдар қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мумбаида үш қабатты тұрғын үй құлады. Салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты.

Бұл туралы сәрсенбі күні CNN телеарнасынан хабарлады. 11 адам үйіндінің астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Құлған үйдің астында қалған адамдар да бар.
Оқиға Мумбаи қаласының Тхане округінде орын алды. Оқыс оқиға алдында аймақта нөсер жауған.
Ғимарат 1972 жылы салынған. Бұған дейін үйді бұзу керек болғандықтан, тұрғындарға оны босату керектігі ескертілген екен.