Үндістанда туристер мінген паром аударылды

АСТАНА.  Қазанның   1-і. ҚазАқпарат  -  Оңтүстік  Үндістанда  су қоймасында  75 турист  мінген паром  аударылды.   Оқиға салдарынан  28 адам  қаза    болып, 27 адам із-түзсіз жоғалып  отыр, 

Үндістанда   туристер  мінген  паром аударылды

деп хабарлайды Associated Press агенттігі    ел  полициясынан  алынған мәліметтерге сілтеме  жасап.

Үнділік мемлекеттік компанияға тиесілі   қайық  елдің алыс  ауданы  -   Делиден 2100 шақырым    жерде  орналасқан,  Керала  штатындағы    Тэккади     қорығына бара жатқан.    Қайғылы оқиға,    туристер   орман   шетінде  жайылып жүрген  бір жануарды байқап,  оны  жақсырақ  көру  үшін   барлығы  қайықтың  екінші  бортына үдері  көшкен  кезде  орын  алған.   Адамдардың     бір  бортқа  жиналуының салдарынан   паром аударылып  кеткен.

Қазіргі уақытта  құтқарушылар  судан 28  адамның денесін алып шықты,   қалған   27 турист іздестірілуде,      Зардап шеккен туристердің  ұлттары әзірге  хабарланған  жоқ.