13:17, 16 Қазан 2016 | GMT +5
Үндістанда тыңшылықпен айналасты деген күдікпен 150 көгершін ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан полициясы Кашмир алқабында Пәкістан барлаушылары тыңшылыққа жіберуі мүмкін деген күдікпен 150-ден астам көгершінді ұстады. Бұл туралы Khaleej Times хабарлады.

Шекара маңында күдікті жүк көлігі тоқтатылды. Құқық қорғаушылар ондағы картон жәшіктерді ашып, сақина тағылған және қызыл бояумен белгіленген қанаттыларды көрді.
Оқиға Джамму штатында және Кашмирде болды. Қалыпты тексеріс барысында құқық қорғаушылар шекара маңында күдікті жүк көлігін тоқтатқан. Жәшіктерде 150-ден астам құс болған. Кей құстардың аяғында түрлі-түсті сақиналар бар.
Қазір Үндістан құқық қорғау органдары құстардың тыңшылыққа немесе Пәкістан шекарасы арқылы құпия ақпарат алмасуға арнайы үйретілген-үйретілмегенін тексеріп жатыр. Бірақатар сарапшы құстардағы алуан түстің код екенін айтуда, деп жазды Лента.ру.
Құстар аса аянышты жағдайда тасымалданған. Тергеу аяқталған соң олар бостандыққа жіберіледі.