Үндістанда үш адамды өз үйінде өртеп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысында мұсылмандар мен үнділердің арасында болған қақтығыс кезінде үш адам өз үйінде өртке оранды, деп жазады Би-би-си.
None
None

Бихар штатының әкімшілік басшысы Атул Прасад (Atul Prasad) қақтығыстың жексенбі күні бір апта бұрын жоғалған үнді баласының мүрдесі Сарайян ауылында табылған соң басталғанын хабарлаған.

Прасад, сонымен қатар, үнділіктер тобы баланың өліміне мұсылмандардың қатысы бар деп кінәлауда. Олардың айтуынша, ол ауылдағы мұсылман қызбен дос болғандықтан өлтірілген, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Полиция жергілікті үнді қауымдастығының 8 өкілін ұстады. Оларға кедей мұсылман ауылдарында ондаған үйді өртеді деген айып тағылды. Қазір ауылдағы жағдай тұрақталды, тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар