Үндістанда үш көзді бұзау дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Тамил-Наду штатында таңғажайып оқиға орын алды.
Мегхала есімді фермердің шаруашылығында үш көзді бұзау туды, деп хабарлады Mirror. Ірі қара иесі мұны «Құдайдың сыйы» деп есептейді. Үй жануары жергілікті жұрттың ыстық ықыласы мен ерекше назарына бөленді.
Фермер бұл бұзауды үш көзді құдайдың құрметіне Шива деп атаған көрінеді. Шива Үндістандағы өнер мен йоганың қамқоршы құдайы деп есептеледі. Күн сайын жүздеген адам бұзауға қол ұшын тигізу үшін Мегхалаға келеді. Олардың пайымынша, бұл жануарға қол тигізу сәттілік әкеледі.