Үндістанда ұшақ апатқа ұшырап, 27 адам қаза тапты

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Associated Press агенттігінің нақтыланған дерегі бойынша, ұшақ ішінде 27 адам болған.
None
None

Олардың барлығы қаза тапты, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Үндістан Көлік министрлігіндегі дерек көздерінің мәліметі бойынша, оқиға Папуа аралының жанында болған, аралдың батыс бөлігі осы елге қарайды. Соронг - Каимана бағыты бойынша рейс жасаған МА-60 ұшағы ұшып-қону орнына 500 метр жетпей, теңізге құлап түскен.

Қаза тапқандардың арасында шетелдік туристердің бар-жоқтығы әлі белгісіз.

Соңғы жаңалықтар