Үндістанда жаңа штат құрылды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Үндістанның Министрлер кабинеті кеше Андхра-Прадеш оңтүстік штатының құрамында Теланган деген атаумен аталатын жаңа штаттың құрылуын мақұлдады.
None
None

Енді Теланган Үндістанның 29-шы штатына айналуы мүмкін.

Қарар президент пен Андхра-Прадеша билік өкілдерінің қарауына жіберіледі. Сонымен қатар, орталық және жергілікті билік өкілдері екі штаттың электр энергиясы, су ресурстары мен кірістерін өзара қалай бөлісетінін шешулері қажет, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар