02:09, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
Үндістанда жас жігіт әйелді Facebook-те жасын жасырғаны үшін атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық жас жігіт әйелді Facebook парақшасында өз жасын жасартып көрсеткені үшін атып тастады, деп хабарлайды Day.Az.
Оқиға Джабалпур қаласында орын алған. 22 жасар жігіт 44 жастағы әйелмен әлеуметтік желіде екі жылдан астам уақыт араласқан. Ал оны шын өмірде көргенде әйел өзін Facebook-те таныстырғандай 21-де емес екенін, оған қоса, оның 3 баласы бар екенін білгенде ашуға бой алдырып, алдымен әйелді, содан соң өзін атып тастады.