Үндістанда жасөспірім қыз дәретхана болмауы себебінен асылып қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның шығыс провинцияларының бірінде 17 жасар қыз ата-анасы үйде дәретхана салудан бас тартқаны үшін өзіне өзі қол салған, деп хабарлады Би-би-си.

Үндістанда жасөспірім қыз дәретхана болмауы себебінен асылып қалған

Ата-анасы қызын күйеуге беруге ақша үнемдеу үшін дәретхана мен кәріз салғысы келмеген көрінеді.

Елдегі «Ұлттық конгресс» саяси партиясының жоғары шенді мүшесі бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазып, халықты үйлеріне кәріз тартып, дәретхана салуға шақырды.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди өзінің саясатының басты бағыты антисанитарияға қарсы күрес екенін мәлімдеді.

1.2 млрд. адам тұратын Үндістан халқының жартысына жуығы дәретханаға қол жеткізе алмай отыр.