Үндістанда жол-көлік апатында 145 мыңнан астам адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан жолдарында өткен жылы 146 мыңнан астам адам ажал құшты, деп хабарлады елдің көлік министрлігі. Бұған қарағанда, елде әр сағат сайын жол-көлік апаты салдарынан ең кемі 16 адам қаза табады.
None
None

Мерт болғандардың 50 пайызы 15 пен 34 жас аралығындағы жастар. Үндістанның көлік  министрі Нитин Гадкари жол апаттары соғыс пен ндетке қарағанда әлдеқайда көп адамның өмірін қиятынын атап өтті.

Үндістандағы жолдағы камералардағы жазбаларға қарағанда, жол-көлік апатын көрген жүргізушілердің көбі жапа шеккендердің көмекке шақырғанына қарамастан, оларды елемей әрі қарай жүріп кете береді,  деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

  

Соңғы жаңалықтар