Үндістанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 23 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Джамму мен Кашмир штатында жолаушылар автобусы терең сайға құлап кетті, салдарынан 23 адам қаза тауып, 25-тен аса жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған.
48 орындық жолаушылар автобусы Удхампур қаласына бет алған. Жергілікті полиция өкілінің алдын ала мәліметіне сүйенсек, жүргізуші автобустың рөліне ие бола алмай қалған тәрізді. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция апат себептерін анықтап жатыр, деп жазады Газета.ру.