20:34, 23 Шілде 2015 | GMT +5
Үндістанда жолаушылар автобусы өзенге құлап, 30 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде (Химачал-Прадеш штаты) жолаушылар автобусының өзенге құлауы салдарынан 30 адам ажал құшып, 22 адам жарақаттанды.
Бұл туралы Indian Express газетінен хабарланды.
Апат қазір жаңбыр маусымы болып жатқан және жауын жодарын шайған Куллу округінде болды. Жол-көлік апатының себебі анықталмады.
Жол апатында қаза тапқандардың саны бойынша Үндістан өзге елдерден озған. 2014 жылы жолдағы апат 141 мың адамның өмірін қиды.